«Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядан барлығы 607 жерлесіміз елге оралды. Олардың 413-і – бала. Жеткіншектердің 227-і мектеп оқушылары. Балаларды оңалту жұмыстарына білікті психологтар мен ұстаздар тартылған. Мамандардың айтуынша, мектеп жасындағы балалардың оқуға деген ынтасы жоғары.