ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Журналистер құқықтарының сақталуын мониторингілеу мен талдаудың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізетіні туралы хабарлайды.
Интернет-конференция журналистердің құқықтарын қорғау жөніндегі тетіктерді жетілдіру үшін қоғам тарапынан ұсыныстар алу мақсатында өткізіледі.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/3266 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференция 2023 жылғы 12 мамыр сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі.