Адам баласы әр жағдайда өмір сүруіне байланысты, қоршаған ортасы, алған тәрбиесі мен білімі, сана-сезімі, махаббаты, т.б. орай үш түрлі жүрекпен өмір сүреді екен.
1. Сау жүрек. Жүрегі сау адам – Алла тағаланың үкімдерін өмірінің өзегі етіп, тыйғандарынан тыйылған, әрбір күмәнді нәрселерден бойын аулақ ұстайтын, бір Алладан басқаға сыйынбайтын, Оның елшісі Мұхаммед Мұстафа (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салып кеткен жолдан ауытқымайтын, нәпсіге құл болмаған адам. Қиямет күні Алланың алдына осындай жүрекпен келгендерге кешірім мол. Бұл туралы Қасиетті Құранда: «Ол күні мал да, балалар да пайда бермейді. Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді)», – делінген («Шұғара» сүресі, 88-89-аяттар).
2. Өлі жүрек.
Мұндай жүректің иесі адамға мүлдем қарама-қарсы, ол өзінің Жаратушысын білмейді және Оның үкімдеріне бағынып, құлшылық қылмайды. Ол нәпсінің құлы, дүниеқоңыз, сараң, қомағай, қара бастың ғана қамын күйттеуші. Мұндай жүректің құлшылығын Алла қаламайды.
3. Сырқат жүрек. Мұнда өмірдің ағысы да бар, сонымен бірге кінәратты қағысы да бар. Ауру мен тіршілік қақтығысы орын алған ондай жүректің оңалу не оңалмауы қайсысының басым түсетініне байланысты. Мұндай жүректе Аллаға деген сүйіспеншілік те, сенім де, адалдық та бар. Бірақ, сонымен қатар, онда түбі опатқа және жайылуға жетектейтін нәпсіқұмарлық пен қызғаншақтық, өркөкіректік, атақ-даңқын шығаруға құмарлық, азғындық, жер бетінде арсыздық істерді жаюға және дәріптеуге құлшыныс танытушылық, екіжүзділік, сараңдық, өтірікке үйір болу сияқты теріс қылықтар да бар.
Құдіретті Аллаға жүрегіміздің осылай сырқаттануынан сақта деп жалбарынуымыз керек-ақ!
Мағзұм Балтабайұлы