Сұрақ: Жұмақ қақпаларының алдында кімдер тұрады?
Жауап: Жәннат пен тозақ қақпаларының алдында көптеген періштелер бар. Жұмақ есіктерінің алдында «ризуан» және «хазин» есімді періштелер тұрады.
Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл періштелер жайында: «Қиямет күні мен жәннаттың есігін ашамын. Сонда хазин:
– Сен кімсің? – деп сұрайды.
Мен:
– Мұхамедпін! – деп жауап беремін.
Сонда Хазин:
– Маған сенен бұрын бұл есікті ешкімге ашпау әмір қылынды, – деп айтатын болады», – деген хадисті айтқан (Мүслим; Иман, 85).
Сондай-ақ, жұмақ қақпаларының періштелері «күзетшілер» немесе «сақшылар» деп те танылған: «Қарсы келгендер топ-топ тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: «Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және Бұл күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?», – дейді» (Зүмәр: 71).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ