Сенат кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары Серік Жаманғариннен шегірткені «халал» деген сөзіне түсініктеме беруін сұрады.
– Мен еш жерде шегірткені жеңдер деп айтқан жоқпын. Қайда олай деппін? Әңгіме арасында оның халал екенін айтқаным рас. Осымен тоқтау керек. Мен жауапты мемлекеттік шенеунікпін, сондықтан өз азаматтарымызға шегірткені жеуді ұсынбаймын, – деп жауап берді ол.
Оның айтуынша, біздің еліміздің аумағы шегірткенің көбеюіне өте қолайлы жер. Сондықтан бұдан қандай пайда табу керек екенін ойлану керек. қазір Ұлттық аграрлық ғылыми орталық әлемдік тәжірибеге талдау жүргізіп жатқан көрінеді.