Кеше Астанадағы Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтында оқып жатқан Нұрсұлтан (3 курс) және Аңсар (2курс) есімді екі имам жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Қанат Дауылбаев есімді фейсбук қолданушысы жазды.
“Хусамуддин ас-Сығанақи институтында бірге оқып жатқан екі бірдей курстасымыздан айырылып қалдық. Жол апатына ұшырады. Ажал айтып келмейді. Нұрсұлтан (3 курс) және Аңсар (2курс) деген бауырларымызға дұға қылып қойыңыздаршы. Нұрсұлтан жақында ғана сәбилі болған. Олар білім жолында шейіт болды. Алла оларға Фирдауси жәннатын нәсіп етсін. Артында қалған жақындарына Сабыр берсін!” деп жазды ол.
Алла алдарынан жарылқасын!