Жоба туралы

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Порталымызда мемлекетіміздің діни саясаты, зайырлылық ұстанымдары жан-жақты көрініс табады. Атап айтқанда, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуы, конфессияаралық қатынастарды реттеу, қоғамды радикалсыздандыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу сынды ауқымды шаралар туралы біздің порталымыздан мол ақпарат алуға болады.

Порталдың атауынан көрініп тұрғандай, біз мемлекет және дін қатынастарынан бөлек, асыл дініміздің құндылықтарын да халыққа мейлінше паш етуге атсалысамыз. Зайырлы елде дін ұстанудың ерекшеліктерін осы жерден оқып білуіңізге болады. Бұл тұрғыда түрлі діни-танымдық мақалаларды, белгілі дінтанушылармен, теологтармен, имамдармен болған сұхбаттарды, сондай-ақ, оқырмандардан келіп түскен сауалдарға берілген жауаптарды оқи аласыздар.

Kazislam порталы діни, зайырлылық тақырыптарынан бөлек, қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерді де қозғайды. Атап айтқанда, ұлтты ұйыстырар патриотизм, діннің сыңары – салт-дәстүр, мәдениет, өнер, тарих салаларына қатысты ғибратқа толы, танымдық материалдар жарияланады.

Портал дін саласында қызмет жүргізетін мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, соның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Біздің порталымызды мемлекетіміздің діни саясатын қолдайтын, қоғамды ізгілік пен мейірімділікке жетелейтін ақпараттар үшін пікір алаңы деп айтуға толық негіз бар.

Редакция:

8701 024 3300

Бас редактор: Серікбол БІЛӘЛ

 

Серіктестер:

  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • «KazMindMedia» ЖШС «Taunews» АА
  • «Дінтанушылар конгрессі» қоғамдық бірлестігі
  • «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры

Мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Тәуелсіздік даңғылы/57, 427, 428, 430, 431 – бөлмері

Email: info@kazislam.kz

Ақпарат беру

Біздің порталымыздың бағытына сәйкес ақпарат бергіңіз келсе, кinfo@kazislam.kz поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.

Сайт редакциясы ақпаратыңызды тексеріп, жариялап отырады.

Меншік иесі:

«AMANAT EXPERT» қоғамдық қоры

 

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

-
00:00
00:00
Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00