«Алланың елшісіне (с.ғ.с.) бір адам келіп:
– Мен Алладан сауап алғым келеді. Сол үшін сізбен бірге Мәдина қаласына көшуге және Алланың жолында күресуге сөз беремін! – дейді.
Пайғамбар (с.ғ.с.):
– Ата-анаңның біреуі болса да тірі ме? – деп сұрайды.
– Ия, тірі.
– Сен расында Алладан сауап қалайсың ба?
– Ия, сауап қалаймын.
– Олай болса, әке-шешеңе бар. Соларға жақсылық жаса! – деп Алланың елшісі (с.ғ.с.) оған ата-анасына жәрдем беруіне кеңес берген екен. (Бұхари, Мүслим).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ