Сұрақ: Жиһад қару алып соғысу ма?
Жауап: Қазіргі таңда Ислам діні дегенде жиһад, фанатизм сынды бұрыс ой қалыптасып жатқаны байқалады. Бұл дәстүрлі Исламның беделіне нұқсан келтіретін ой. Жиһад сөзі, бір ауыз сөз болғанымен оның кең мағыналары бар. Өкініштісі лаңкестер исламды бетперде қылып, арам пиғылды қылмыстық іс-әрекеттерін «жиһад» деп насихаттап жүр.
Мұндай іс-әрекеттерді дәстүрлі Ислам қолдамайды. Жиһад ұғымы – әр мұсылманның Алланың разылығын табу үшін жұмсайтын қажыр қайраты. Адам өзін рухани тәрбиелеу үшін жұмсаған күші. Яғни, ғылым иелері білімімен, қуатты адамдар қызметімен, ауқатты байлар мал-дүниесімен Алланың ризашылығы мен қоғамның өркендеуіне жұмсаған күштері жиһад деген сөзбен аталады.
Икрам АЙТАЕВ