Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Аллаға шүкір, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жұртшылық ешкімнің үгіт-насихатынсыз-ақ мешіттерге ағылып, имандылыққа шұғыл бет бұрды. Оның жарқын мысалын қасиетті жұма, ораза және құрбан айт намазына жиналған жамағаттың ғибадатхана үйлеріне сыймай жатуынан көреміз. Осынау жиырма үш жыл мұғдарында Қазақстан көлемінде жүздеген мешіттер салынып, медреселер ашылды.
Әсілі, ислам – тұнып тұрған рақым діні. Сөздікте ислам есендікке жеткізу, бейбітшілік, адамдардың бір-біріне сенім көрсетуі, бейбітшілік орнату деген мағыналарды береді.
Осы орайда филология ғылымдарының докторы, Ресейдегі гуманитарлық ғылымдар академиясының, БҰҰ жанындағы халықаралық Ақпарат академиясының толық мүшесі, қасиетті Құран аудармасын орыс тілінде жасап шыққан Валерия Порохова «Егемен Қазақстанға» ( 24.11.2010 жыл) берген сұхбатында: «Ислам – Аллаға деген таза сезім. Исламда дінге сенушінің өмірін бағыттап отыратын орталық құрылым да жоқ. Біздің қоғам қазірше исламның не екенін де дұрыстап білмейді. Мысалы, «ислам терроризмі» деп жазады газеттер. «Ислам» сөзінің мағынасы «мойынсұну, амандық, татулық».
«Есте болатын жай, Қазақстанда ислам діні дәстүр, қажет десеңіз, ұлттық дәстүр, ғұрып арқылы сақталды. Сондықтан, бүгінде дінді дәстүрден ажыратуға тырысушылық ел санасына дағдарыс әкелетін іс. Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарастырсақ, өткен тарихта – ешқандай қоғам дінсіз болмаған. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер». – деп жазады академик Ғарифолла Есім («Егемен Қазақстан», 21.10.2006 жыл) «Дін өркениеті» атты мақаласында. Ал ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Дәстүрлі дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білгеніміз жөн. Әйтпесе, Құран Кәрімде ескертілген ақиқат жолынан айнып, адасқан қауымға айналып кетуіміз бек мүмкін» – дейді «Дін мен дәстүр» атты кітаптың «Кіріспе» бөлімінде.
Қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі Бұқар жырау «Тілек» атты өлеңінде:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық залымның,
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске,
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа, – деп толғанса, хәкім Ибраһим-Абай:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті, – дейді.
Өз заманында қаһарлы деген Шыңғысхан жергілікті халықтың тіл, әдебиет, мәдениет, діни сенім, салт-санасына қысым жасаған жоқ. Қайта Жошы мен Шағатай ұлысына келген билік басындағы маңғолдар ұзаққа созбай-ақ жергілікті халықтың тілі мен мәдениетін қабылдап, оларға сіңісіп кетсе, 1312-1342 жылдары Алтын Орданы билеген Өзбек хан тұсында ислам діні Алтын Ордада үстем дінге айналды. Өзбек хан ислам дінін жарлық арқылы жалпыластырды, қазақтың «өзбектен дін қалды» деген мақалы осыдан шыққан.
Сонау да сонау ата-бабамыздан келе жатқан асыл дініміз – ислам туралы мұндай деректерді тізе берсек, әңгіме желісі ұзап кетеді. Осы жерден қайырайық.
«Шұлыққа мәсіх тартуға болады…»
Өмірде жақсылықпен қоса жамандықтың да қатар жүрері рас. Қазақстан тәуелсіздігін жариялап, арқа-жарқа қуанып жатқан бастапқы жылдары елімізге алыс-жақын шет елден жат пиғылды миссионерлер лек-легімен ағылды. Олардың көптігі сондай, діни сауаты аз жұртшылық әп дегенде абдырап қалды. Адамның іші-бауырына кіріп, тілдерін емізіп, қажет жерде көк қағаздарын ұсынып әуре-сарсаңға түсірді. Соның нәтижесінде қаншама бауырларымыз өзге дінді қабылдап, теріс жолға түсті. Сондай жас адамның біреуін мен де кездестірдім.
Ауылдас бір азаматтың А.есімді баласы былтыр, Астанаға бір шаруаларымен келгенде келіншегі мен кішкентай баласын ертіп біздің үйде болды. Жасы жиырма жетідегі, ақсары өңді әп-әдемі жастың кеудесін жапқан сақалын көріп тікісініп қалдым. Селдір, қиқы-жиқы өскен сақалы өзіне жарасып тұрған жоқ. Бұтындағы шалбарының балағы қысқа, келіншегінің басында орамал. Өзі неше жылдан бері намазхан екен. Тәхараттың соңында аяғын жуудың орнына шұлығының үстіне мәсіх тартты. (Төрт жыл бұрын көргенімде де шұлығына мәсіх тартқанын көргенмін). Намазын оқып болған соң мен одан шұлыққа мәсіхті неге тартқанын сұрадым.
-Тартуға болады, аға, – деді ол
-Мәсі кисең рұқсат, ал шұлыққа тартуға болмайды ғой?
-Неге болмасын, болады. Дәлеліңіз бар ма?
– «Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар (сипаңдар). Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуыңдар» – деп жазылған Құран Кәрімнің «Мәида» сүресінің 6 аятында.
– Мен жолаушымын ғой.
– Болмайды, аяқты жуу керек. Аяғыңда мәсі жоқ әрі мезгіл жаз, күн ыстық. Қасиетті Құран Кәрімнен өзге саған қандай дәлел керек.
– Бізге ұстазымыз айтқан. Ұстазымыз бәленбай деген кітаптан алып отыр, – деді аты-жөнін біз білмейтін автордың аты-жөнін атады.
– Ұстазың кім?
– Оны айтуға болмайды.
– Ол өз шаруаң, айтпай-ақ қой. Намаздан соң құран оқылғанда неге орныңнан тұрып кеттің?
– Құран оқуға болмайды.
– Неге?
– Қайтыс болған адамдар – міскін, өлік. Олардан еш пайда жоқ.
– Астафираллаһ! Мына уәжіңді ешкім естімесін. Сонда, сенің әке-шешең қайтыс болса, ұмытасың ба? Құран бағыштамайсың ба?
– Ұмытам, құран оқымаймын, бейітке бармаймын.
Мейман жігіт айтқан уәжіме құлақ аспады. Өз көзқарасында қалды. Аздан соң жұбайым асқа шақырды. Қолымызды жуып дастархан басына жайғастық. Әлгі жігіт те, келіншегі де қолдарын табаққа апарған жоқ.
-Ау, астан неге алмайсыңдар?
– Жылқының етін жемейміз. Бұл халал ма, харам ба білмейміз. Рахмет, шәй ішсек те болады.
-Ау, айналайын бұл соғымнан қалған сыбаға. Бісімілләһ айтылып, адал
сойылған мал.
-Айып етпеңіз.
– Өздерің етті қайдан аласыңдар?
– Халал ет сататын жерден.
– Жарайды, түсінікті болды.
Одан арғы әңгімеміз тұйыққа тірелді. Қазақ халқының арғы-бергі тарихын, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін шала білетін, содан да айрандай ұйыған ел арасына іріткі салатын басқа мәзхәбтың шылауында жүрген мұндай жігітке не айтуға болады? Осындай жастар ғой, «жиһад» ұғымын басқаша түсініп, қиян-кескі соғыс жүріп жатқан шет елге кетіп жатқандары.
«Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!..»
ҚМДБ-ның «хижра» жасау, «тәкпіршілдік» және «жиһад» туралы пәтуа шығарғаны өте дұрыс болды. Діни басқарма жазған аталмыш пәтуада «Жиһад» ұғымы – араб тіліндегі «жуһд» түбірінен шыққан «белгілі бір мақсатқа жету үшін жігер күшін салу, күресу» деген мағынаны береді екен. Шариғаттағы мағынасы: Ақиқат үшін күресу, хақ дінге шақыру «яғни Алла дінін қорғау. Немесе Алла дінінің туын жоғары көтеру және дінді, жанды, отанды, мал-мүлікті т.б. қорғау үшін күресу.
Біздің елімізде ислам дінінің орны бөлек. Қазақ сияқты үш ғасырдай уақыт бодандықта болған ұлттар үшін дәстүрлі құндылықтарды, ұлт мәдениетін, дәстүрлі ата-баба дінін қолдау өте маңызды. Бұл орайда философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы: «Ислам діні – ғасырлар бойы ұлтымызға тірек, өркениетіміздің қазығы болған және бола беретін мәдениет құрушы, орны бөлек рухани күш. Дегенмен, біз өз ұстанымымызды толық анықтай алмай келдік. Батыс пен Ресейдің ислам дініне деген салқындығы Қазақстанда да сезіледі. Ол – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ағылып келіп жатқан әдебиеттердің, оның ішінде ғылыми деп аталатын еңбектердің де ықпалы. Бір сөзбен айтқанда, ақпараттық экспансия ислам дініне салқынын тигізуде» – деп жазады «Егемен Қазақстан» газетінде. ( 4.11. 2011 жыл).
Бұл өмірде біреу бай, біреу кедей. Неге қарама-қайшылық көп? Себебі неде? Сүйтсек, Жаратушы Хақ тағала адамның пешенесіне, Лаухул махфуз кітабіна алдын-ала жазып қойған. Ол бәрімізге мәлім – тағдыр. Яғни, әркімнің басынан өтетін жақсылық пен жамандық, байлық пен кедейлік, бақ пен дәулет, қызмет сияқты істер. Күнделікті іс-әрекет тағдырға жатпайды. Алайда, Алла тағдырымды жазып қойған, жақсы-жаман, кәпір-мұсылман болуым Жаратушыдан деп тағдыр-талайға жабу дұрыс болмайды. Тағдырда жазылған бақ-дәулетті кісі ұстап тұра алмай, уысынан шығарып алуы мүмкін. Тағдырда иманды-имансыз болу да жазылмайды. Ал шетелден жеткен діни миссионерлердің алдап-арбауына түсіп, протестант христиандық, иегова куәгерлерінің, кришнаның, пятидесятниктердің, лютерандардың, жетінші күн адвентистерінің т.б. секталарға өтіп жатқан және «хижрат», «жиһад» жасаймыз деген жастардың өздері кінәлі. Туған елін, жерін сүймеуден, надандықтан туындап жатқан шаралар.
Демек, иманды-имансыз болу әр адамның өз қолында, өз еркінде. Тек адамның еркінде жоғы: дене пішімі, бақ-дәулеті, атақ-даңқы, лауазым-қызметі және ажал.
Шыны керек дін-исламды көбіміз түсінбейміз. Түсінбеген соң түсіндіре алмаймыз. Сол үшін де қазіргі таңда исламдық бағыттағы «ағартушылық» қажет. Жат ағымдардың жетегіне ерген, тәкаппарлық танытып «өзім білемге» салынған, жан сарайын бәлкім жұмыссыздықтан, бәлкім таршылықтан, бәлкім қол қысқалықтан үмітсіздік жайлаған жастармен жеке-жеке сөйлескен ләзім. Өзге дінге өтудің, «хижрат» етемін, «жиһад» жасаймын дейтін қауіпті сапарға аттанудың себеп-сыры неде? Ибраһим-Абай бабамыз айтқандай: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген уәжі бүгінгідей алмағайып, жаһандану заманына дөп келіп тұр. Қасиетті Құран Кәрімде айтылғандай: «Қай қауым болсын, өз жағдайын өзі өзгертпесе, олардың жағдайын Аллла өзгертпейді». (Рағыд сүресі, 11 аят).
Дін бірлігі – ұлт бірлігі
ҚМДБ шығарған пәтуаның үкімінде жазылғандай, Қазақстан азаматтары Елбасының және діни басқарманың, мұнымен қоса ата-ананың рұқсатынсыз сыртқа, басқа жерге жиһадқа аттануға болмайды екен. Әркім өз еліне, өз жеріне, өз халқына еңбек ету керек. Біреудің алдауына түсіп, алжасып, басқа бір елдің қанын төгіп, күнаһар болған адам оңбайды. Адам баласы бақытты олай іздемейді. Бақытты отанына, халқына, жанындағыларға жақсылық жасау арқылы ғана табады.
Өткенде ғана Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлытауда берген сұхбатында дін, діл, тіл, болашақ хақында ғажап ойлар айтты емес пе? «Құранның қасиетті үкімдерін орындау дегеніміз кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, кішілерге қамқорлық, жақсы ұрпақ тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, береке-бірлікке шақыру арқылы дінді өркендетеміз. Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек». («Егемен Қазақстан», 26.08.2014 жыл).
Дін-ислам намаз, ораза, қажылықпен ғана өтелмейді ғой.
Әсілі, дәстүрлі ислам діні – қазақ болмысы мен мәдениетінің негізгі күретамыры әрі сақтаушысы.
Дін-ислам дегеніміз, тұнып тұрған адамгершілік, мөлдірлік, білім, ғылым, бейбітшілік, сұлулық, сұлулық болғанда жан сұлулығы, көркем мінез!
Бүгінгідей жаһандану заманында біздің дүр сілкінетін, рухани жаңғыратын кезіміз келіп жетті. Өйткені, Мұхаммед-Мұстафа (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз «Отанды сүю – иманнан» деп өсиет айтса, данышпан қазақ атамыз «Иманды елді жау алмас» деген болатын.
Толымбек ӘБДІРАЙЫМ,
ҚР мәдениет қайраткері,
жазушы