Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітов бастаған дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Зекет және қайырымдылық» қоры өңірдегі өкілдігінің «Күзгі жиын-терін науқаны» деген атпен ұшырдан жиылған қайырымдылық шарасы өтті.
50-ден астам мұқтаж отбасына азық-түлік, көкөніс, дәнді-дақылдар үлестірілді. Көмек алған отбасылар имамдарға, барша дін қызметкеріне алғыстарын білдірді.
«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі» деп халқымыз айтпақшы, қайырымдылық жасап, мұқтаждарға медет сыйлап жүрген имамдарымызға Алла разы болсын!