Ардақты сахабалардың бірі Әслам (Алла одан разы болсын) өзі куә болған уақиғасын былай деп тілге тиек етеді.
«Халифа хазіреті Омармен (Алла одан разы болсын) бірге бір күні түнде Мәдинаның көшелерінде кезіп жүргенбіз. Бір уақытта бір үйден жылаған балалардың даусын естіп солай қарай беттедік. Жақындай келіп қарағанымызда үйде балалар жылап отыр екен. Ал балалардың жанында отырған анасы ошақта су толы құр қазанды қайнап жатқандығын көрдік. Хазіреті Омар (Алла одан разы болсын) анасынан балалардың неге жылап отырғандықтарын сұрады. Сонда анасы:
– «Аштықтан», – деп жауап берді. Халифа Омар (р.а.) қазанның балаларды жұбату үшін қайнап жатқандығын дереу аңғарды. Әрі әйелдің балаларын осылайша алдап ұйықтатындығын түсініп, көз жасына ерік берді. Омар (р.а.) дереу зекет дүние-мүліктері жиналып тұратын қоймаға жөнелді. Қоймадан бір қап ұн және тағы да басқа азық-түлік алып, иығына салып өзі арқалады. Қапты мен арқалайын деп едім, Омар көнбей қойды. Маған қарап:
– «Ей, Әслам! Өзім арқалаймын. Өйткені жетімдердің есебі ақыретте менен сұралады», – деді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ,
kazislam.kz