Деструктивті діни ағымдар келіннің сәлем салуы, жеті шелпекті теріске шығарып жатады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Үстіңгі қол, астыңғы қолдан қайырлы» деген. Бұның мағынасы: бай, жомарт адам сараңнан қайырлы, садақа беруші адам садақа бермейтіннен қайырлы, садақа алғаннан гөрі садақа беру – артық іс. Сондықтан жеті шелпекті тарату хадистегі «құрманың жартысымен болса да өздеріңді тозақ отынан аман-сақтап қалыңдар» дегенге саяды.