Әбу Убайдулла бин әл-Қураши былай дейді: Заманында белгілі ғалымға бір адам 7 сауалға жауап алу үшін 700 шақырым жер жүріп келген екен. Жолаушы кісі ғалымның құзырына келіп, «Жеті сауалым бар еді» – деп сұрақтарын қояды:
- Аспаннан да ауыр не бар?
- Жер бетінен де кең қандай орын бар?
- Тастан да қатты не нәрсе бар?
- Оттан да ыстық не бар?
- Қатты аяздан да суық тоңдыратын не бар?
- Теңізден де терең не бар?
- Удан да бетер не бар?
Сонда ғалым оның сұрақтарына былайша жауап берген екен:
- Кінәсіз, арлы бір адамға жағылған жала аспаннан да ауыр болмақ;
- Ақиқат жер бетінен де кең;
- Күпірге батқан жүрек тастан да бетер қатты;
- Адамның қайраты оттан да ыстық;
- Адам жақындарына мұқтаж болған кезде олардан еш нәтиже болмаса, аяздан бетер суық болмақ;
- Қанағатшыл жүрек теңізден де терең әрі бай болмақ;
- Өсек тасу барлық удан да бетер, иесін бірден улайды.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ