Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салды.
Жер сілкінісі кезінде мына амалдарды орындау керек:
– ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
– егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
– ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз.
– сыртта жүрсеңіз, ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
– үйге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
– лифттерді пайдаланбаңыз;
– сіріңке, шам жақпаңыз:
– сымдарды ұстамаңыз;
– зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.