Бейсенбі, 9 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Желідегі дін: пайдасы мен зардабы

07.11.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
355
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ғаламтор мүмкіндіктерінің, оның ішінде бүгінде адамдар көп қолданатын әлеуметтік желілердің қоғам үшін пайдасы шаш-етектен. Ең бастысы, әрине, олар ақпаратты жедел алмасудың таптырмас құралы. Алайда адамзат өміріне құбылыс болып енген бұл жаңа технологиялар интернетте жалған уағызшылардың да өз қатарына адам тарту үшін қолданатын алаңына айналғаны бүгінде ешкімнен жасырын емес.

Қазір әлемде 4,62 млрд әлеуметтік желі пайдаланушысы бар екен. Бұл жалпы әлем халқының 58,6 пайызы. Ал елімізде 12 миллиондай ел азаматы желіге тіркелген. Бұл халықтың 63,5 пайызын құрайды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер дәстүрлі медиамен қатар жаңа медианың да кейбір ресурстарын (сайт, портал) ақпарат айдынынан ығыстырып, негізгі жаңалықтар көзін алмастырды.

Осыған орай елімізде көп адам дін туралы ақпаратты ғаламтордан іздейді. Өйткені мешітке барып дені дұрыс уағыз-насихат тыңдауға уақыт тапшы, ал кітапты көбі оқығысы келмейді. Сондықтан ең жеңіл жолы – интернеттегі тегін дүниені пайдалану. Алайда ғаламторға салынған барлық діни ақпаратты дұрыс деп айта алмаймыз. Тіпті кейде дұрыс бағыттағы мақалалар мен видеолардан гөрі теріс жолға шақыратын контент көп пе деп ойлап қаласың. Өйткені әлемнің әр түкпіріндегі, соның ішінде еліміздегі деструктивті діни ағымдардың бәрі де түрлі жолын тауып, интернетке өз материалдарын толтырумен айналысып жатыр. Олардың алдап-арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек?

Ең алдымен, әрине, әрбір адамда ең қажетті қарапайым діни сауат болуы тиіс. Өйткені діни сауаттылық – қазіргі заман талабы. Белгілі дінтанушы Жалғас Сандыбаевтың айтуынша, жаһандану заманында адам дін туралы дұрыс ақпаратқа ие болуы тиіс. Ол адамның дінді ұстауы не ұстамауы өз еркі. Бірақ діни ақпаратты, дін туралы біраз мәліметтерді біліп жүргені жөн. Әсіресе, ата-ана баласының теріс пиғылды жат ағымдарға немесе діннің шапанын жамылған түрлі теріс діни ұйымдар мен секталардың ықпалына түсіп кетпеуі үшін діни сауат ауадай қажет.

Халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025

«Баланың қолынан гаджет түспейтін бұл күнде ғаламтор желісінде түрлі діни сарында үгіт-насихаттарды тыңдап, псевдошейхтер және өздерін дін деп танытып жүрген кейбір адасқан діни нанымдар мен сенімдердің арбауына түсіп кету қаупі жоғары. Діни сауатпен қаруланған ата-ана баласына кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсетеді. Бәлкім, адам «Мен дінді қаламаймын» деп айтып, діни сауаттан, ақпараттан бас тартып жүруі әбден мүмкін. Бірақ ол баласын немесе қызын діннен бас тартқызып отыра алмайды. Ерте ме, кеш пе баласы дінге, сенімге, нанымға қызығушылық танытуы ғажап емес. Себебі адамның табиғаты – бір нәрсеге сенуді қалайды. Міне, діни сауаттылық осы уақытта керек болады» дейді дінтанушы.

Ғаламтордағы пиғылы жаман дінбұзарлардың арбауына еріп кетеу үшін адамға керекті тағы бір қасиет – сыни ойлау қабілеті. Яғни әрбір жан өзінің естіген, оқыған, көрген мәліметтерінің бәрін шаңсорғыш секілді қабылдай бермей, оның астарына үңіліп қарай білуі керек. Кейде бір қарағанда дұрыс болып көрінген ақпарат оның астарына үңілгенде ар жағынан шикі тұстары шығып жататынын білеміз. Сол секілді кез келген псевдоғалымның діни уағызы да алғашқыда адамды баурап алуы ғажап емес. Алайда кейін олар өзіне ұйыған жамағатына біртіндеп қазақтың діни дүниетанымымен үйлеспейтін өз тұжырымдарын тықпалай бастайды. Оны кейбір адамдар бірден байқап бас тартып жатса, өкінішке қарай, кейбіреулер дер кезінде аңғармай, жат ағымның жетегінен ұстап кете барады…

«Жат діни идеологиялардың барлығы да алғашқы кезде адамға жылы күліп, гуманистік, ізгілік, адамгершілік ойларды көп айтып, сырт көзге жақсы көрінуге тырысады. Бұл бар болғаны азаматтардың басын айналдырып, өз қатарларына тарту үшін пайдаланатын бүркенішті реңк екенін естен шығармаған жөн. Айласын асырып, көздеген адамын өз қатарына қосқан соң, оған «өзіміз» деп басқа идеология құя бастайды. Оны қасындағы ағайын-туысынан, ата-анасынан, жора-жолдастарынан айырып, керек болса өмірлік жарынан ажыратып, өздерімен пікірлерес топқа, жамағатқа қосады» дейді мамандар.

Жат діни идеологияның құрығына түспеу үшін адамға ең қажетті амалдардың бірі – тек тексерілген діни сайттарды ғана қарау және елге танымал дін мамандарының ғана уағыз-насихатын тыңдау. Бұл талап көптен бері халыққа түсіндіріліп келеді. Алайда оны естен шығарып алып, көлденең көк аттылардың уағыздарын тыңдайтын адамдар арамызда әлі де аз емес.

Осыдан 3 жыл бұрын елімізге белгілі Kazislam.kz сайты халық арасында «Сіз діни мәліметті қайдан аласыз?» деген тақырыпта сауалнама өткізген болатын. Сонда адамдардың үштен бірі «интернеттен аламын» деп жауап берген. Ал қазіргі күні бұл көрсеткіш одан да жоғары өскеніне күмән жоқ. Бұл адамдар қандай интернет ресурстарды пайдаланады? Миларына дұрыс ақпаратты тоқып жатыр ма? Бұл үлкен сұрақ.

Осы орайда елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және оған қарасты мешіттерге тиесілі белгілі діни сайттар, Дін істері комитеті мен өңірлердегі дін істері басқармаларының сенімді сайттары жұмыс істейтінін еске салғымыз келеді. Діни уағыз-насихат тыңдағысы келген адамдар мешіттерде ресми жұмыс істейтін белгілі ұстаздардың насихатын тыңдағаны жөн.

Интернетте, әлеуметтік желілерде отырғанда жат ағымның идеологиясына уланбас үшін қандай ережелерді білу керек? Мамандар әлі де санасы жетіліп, дүниетанымы қалыптаспаған жасөспірімдер мен жастарға мынадай кеңестерін айтады:

  • желіде өзінің жеке деректерін жазбау, парольдерін, телефон нөмірін, мекенжайын, туған күнін және басқа да мәліметтерін көрсетпеу;
  • әлеуметтік желіге тіркелгенде кемінде 8 әріптен тұратын қиын пароль ойлап табу;
  • оқитын жерін көрсетпеу, қаржылық жағдайы, мінез-құлық ерекшеліктері және туған-туыстары туралы айтпау, мұның бәрі желіде дереккөз ретінде жинала береді;
  • өз болгында немесе әлеуметтік желіде бір нәрсе жариялау алдында жеті рет ойланып, бір рет кесу;
  • біреулерді ренжітетін немесе мазақтайтын ақпараттарды жарияламау;
  • дін туралы сөз таластырмау, дұрыс мәлімет алу үшін имамдарға және басқа да дін мамандарына жүгіну;
  • белгісіз дін уағызшыларының дәрістері мен аудиожазбаларын өзінің жеке парақшасында мүлдем жарияламау және оларды тыңдамау;
  • егер өзі немесе туыстары деструктивті діни ұйымдардың әрекетінен зардап шексе, сенім телефондарына хабарлау;
  • егер теріс ағым өкілімен байланыс орнатып алса, онымен сөйлесуден бас тарту, ортақ әңгімеге араласпау, күдікті контактіні блокқа жіберу, керек болса әлеуметтік желі әкімшісіне шағым түсіру керек.

Жуырда Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде теріс ағымдардың әлі де қарқын алып келе жатқанын және бұған халықтың діни сауатсыздығы себеп болып отырғанын айтқан еді. «Мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздығында. Әрине, бүгінде дәстүрлі ағымдармен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл бағытта министрлік үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді: тәулік бойы мониторинг, әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдарда деструктивті сипаттағы материалдарды анықтау. 1 қаңтар мен қыркүйек айының соңына дейінгі кезеңде интернетте үгіт-насихат, терроризм және діни экстремизм қағидаларын қамтитын 14 860 материал анықталды» деді ол.

Бұл мәселе әрбірімізді ойландыруы тиіс және теріс ағыммен күресте тізе қосып еңбектенуімізді талап ететіні сөзсіз. Егер әрбір адам біз жоғарыда айтып өткен талаптарды орындаса, ол жат ағымдардың таралуына тосқауыл қойып, жастарымызды өзге идеологияның сойылын соғып кетуіден сақтар еді.

Ақмарал ОРАЗБАЙ,

Ақтау қалалық әкімдігінің қоғамдық даму орталығының теолог маманы 

Таңбалар: әлеуметтік желілердеструктивті діни ағымдардінинтернетсекта
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қарсы насихат: үдемелі үш бағыт
Видео

Қарсы насихат: үдемелі үш бағыт

07.10.2025
Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі
Ағымдар ақиқаты

Жат ағымның алдын алу – қауіпсіз қоғам кепілі

06.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақ даласындағы әйел мәртебесі

Қазақ даласындағы әйел мәртебесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық конференция өтті
Жаңалықтар

Халықаралық конференция өтті

08.10.2025
Сауаттылық – өркениетке бастар жол
Видео

Сауаттылық – өркениетке бастар жол

08.10.2025
Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті
Жаңалықтар

Ұрпақтар сабақтастығы: екі буын өкілдері кездесті

08.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою