Күміс теңге көптеген үлкен жеңістерге себеп болған екен. Ол күн шығыс елі императорының күміс теңгесі. Қисса көне заманда Жапон жерінде болған деседі. Император жорыққа шығар алдын қалың қол әскердің алдында тұрып күміс теңгесін аспанға лақтырады екен. Теңгенің бір бетінде сурет, екінші берінде жазу бар. Сурет жағы түссе император әскері үнемі жеңіске жетеді. Осы қағиданы ұстанып әскер жеңілістің бетін көрмеген екен.
Әр жорықтан алдын әскер тағатсыздана императордың күміс теңге лақтыру рәсімін күтеді. Барлығы да қобалжып тақ иесінің жауабын күтеді. Император болса көздері оттай жатып, «Жеңіс!» деп айқайлайды. Әскер де жігерленіп атой салып, рухтанып жауын ойсырата жеңіс келеді.
Осылайша ұзақ жылдар жеңісті жеңіс жалғап жатты. Өмірдің заңдылығы император қартайып, төсек тартып жатып қалды. Әкесінің беті бері қарамайтынын білген таң мұрагері императордың құзырына кіріп:
– Әке, күміс теңгеңізді маған беріңіз. Сіздің жеңістеріңізді жалғастырайын,-дейді.
Қарт император қойнындағы ұзақ жылдар жеңісінің нышаны болған теңгені баласына ұсынды. Күні бүгінге дейін ол қасиетті теңгені императордан басқа ешкім ұстамаған. Жас тақ мұрагері күміс теңгені ешуақытта қолына ұстап, көзімен көрмегендіктен жалма-жан олай-бұлай төңкеріп қарай бастады.
Ел аузында айтылуы бойынша теңгенің бір беті жеңісті білдіретін сурет, екінші жағы жеңілісті баяндайтын жазу болуы керек. Алайда, теңгенің екі жағында да бірдей сурет боп шықты.
Өзінің ауыр жағдайда қалғанын сезген жас жігіт: Әке, мұныңыз не?! Осыншама жылдар әскерді де халықты да алдап келдіңіз бе?,-деп абжырап қалды.
Сонда өлім төсегінде жатқан қарт әмірші баласына өмірдің бір сабақ беріп:
– Балам! Мен ешкімді алдамадым. Бұл – өмір. Сенің алдыңда екі таңдау тұрады. Бірі – жеңіс, екіншісі де – жеңіс. Ад, жеңілісті ойласаң, соған сенсең жеңілесің. Себебі, тұла бойында қорқыныш билеп, өз мүмкіндігің мен қабілетіңе деген сенімсіздік көңіліңе ұялайды. Нәтижесінде жеңілесің. Ал, жеңіс болса, ол сәттіліктің ісі емес. Жеңіс деген – Жаратушыға тәуекел, һәм өз күш-қайратыңа сенуің»,-деген екен.
Руслан Қамбар