Ережеп айының құрметіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Иманым – байлығым – жаулығым” атты дін мен дәстүрді ұштастырған, Алланың әмір еткен жаулығын насихаттау мақсатында рухани-танымдық іс-шара өтті.
Күләш Қуанышқалиева басқаратын “Қазақ Аналары — Дәстүрге Жол” Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының мүшелері Азиза ханым және Күнсұлу ханымдар кимешек тарихы жайлы баяндап берді. Облысымыздың намысын республика көлемінде қорғап жүрген тігінші, дизайнер Фатима Абдулова ханым кимешек ораудан шеберлік сағатын көрсетті.
Исламтану магистрі, хафиз, 2 қырағат иджаза иегері, Құран тәпсірі маманы Бақытгүл Өтегенқызы “Орамалдың шариғи үкімі” жайында Құран тәпсірінен уағыз-насихат жүргізді.
Іс-шара соңында келушілер арасынан әдемі киінген қыз-келіншектерді іріктеп, жамағаттың дауысқа салуымен “Ең үздік бейне” аталымына Айтолқын Құлжанова ие болды. Осы кешке деп барлық киім, әшекейін өз қолымен жасаған жеңімпазымызды арнайы дипломмен, сыйлықпен марапаттадық. Барлық қатысушыларымызға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан “Қазақ аналары — Дәстүрге жол” ұжымына, Фатима Абдулова мен Бақытгүл ұстазымызға алғыс хат пен сыйларымызды табысталды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі