Теріс діни ағымды насихаттаушылардың мақсаты – қоғамды «біз» және «басқаларға» бөлу. Яғни, мемлекеттегі дінаралық татулықты, ұлтаралық келісімді бұзуға ұмтылады. Олар өз қатарларына адам тарту арқылы, оның отбасына, ағайын туыстарына шығады. Кейін уақыт өте келе халықтың тарихы және мәдени қалыптасқан дінін бұрмалап, ділін терістеп, дәстүрі мен салтын, мемлекеттік жүйені жоққа шығарады.