Жат ағымдық азаматты қалай тануға болады?
Әдетте жат ағымның жетегінде кеткен азамат, тек сол ағымның идеологиясы үшін өмір сүріп, сол үшін күреседі. Оған жан-жағындағы өмір, қоғам қызық емес. Оның мақсаты өзімен пікірлес адамдардың санын арттыру.
Ал енді жат ағымның ықпалына түскен адамның бойында байқалатын кейбір белгілерін атап өтуге болады. Мысалы, ондай адамның сөз саптауы өзгеріп әдеттегі адамның сөзіне қарағанда жаттанды арабша сөздерді жиі қолдана бастайды. Бірақ, кейбір арабша сөздерді қолдануы олардың араби сауаты бар дегенді білдірмейді. Олар бір-біріне «ахи» (бауыр), «ухти» (қарындас), «джазака Аллаһу хайран» (Алла саған сауаптан жазсын) деп айтады. Өздерінен басқалар үшін кемсітіп «джахил» (надан, дінді білмейтін адам), «мушрик» (Аллаға серік қосушы), «мунафиқ» (екі жүзді) сөздерін қолданады. Ал енді бір нәрсені жоққа шығарып, дінде жоқ деп айтатын болса «бидғат» (жаңалық), «харам» дейді. Өзінің бір пікірмен келіспейтінін білдіру үшін «ағузубилләһ» (шайтанның кесірінен Алладан пана сұраймын), «әстағфируллаһ» (астапыралла) деген сөздерді айтады. Бұл айтылған сөздер олардың күнделікті сөйлеу мәнеріне айналуы да ғажап емес.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ