«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекетті әлеуметтік тапсырыс аясында «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен а.ж. 19 шілде күні Ақтау қаласының спортшылары мен жаттықтырушылар арасында «Жат ағым – жарға жығады» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.
Шараға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті, Философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан, РАТТ мүшесі Азамат Тулепов арнайы жұмылдырылды.
Шара барысында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ теріс ағымдардың зияны туралы ақпарат берілді.
Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді. Сонымен қатар мазхаб, ақида, мүжтәһид және тағы басқа діни терминдердің түсіндірмелері талқыланды.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.
Семинар соңында ұстаздар тарапынан қойылған актуалды діни сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың белгілері жайлы ақпарат берілді:
- Діннің, діни қағидалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.
- Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік және басқару органдарын мойындамайтын ұйғарымдардың болуы.
- Діни алауыздық немесе араздық тудыратын, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін насихаттардың болуы.
- Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, мазхабтарды теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі исламды сыни түрде қабылдамау.