Басқалардың оны баласынғандай сыңай танытқанын байқағанда, хазірет Омар (р.а.) алқалы қауымға «Наср» сүресін оқып, оның астары қандай мағына білдіретінін сұрады. Олар: «Алланың көмегі мен жеңісі келгенде, ел топ-тобымен Ислам дінін қабылдайтын болады. Сол кезде Раббыңды пәкте, мадақта, әрі кешірім тіле» деген мағынаға келеді» десті.
Хазірет Омар сол сұрақты Ибн Аббасқа да қойғанда, ол: «Бұл сүре Расулалланың тіршіліктегі дәм-тұзы таусылғандығын ұқтыруда. Елдің топ-топ болып Ислам дінін қабылдауы адамзатқа дінді жеткізуші елшінің міндеті аяқталғанын білдіреді. (Ендігі жерде Расулалланың міндеті – өзіне осыншама нығметтерді жаудырған, бар себептерді бір-бірімен үйлестіруші Алланы пәктеу, бар жақсылықты Жаратушыдан деп білу, күнәсі жоқ болса да толайым рухани мәртебелерді артқа тастағанын өзіне күнә санап, сол өткен күндеріне кешірім тілеу)» деп жауап береді. Бұл жауапты естігенде, хазірет Омар (р.а.) жаңағы кісілерге қарап: «Ибн Аббасты, міне, осындай зеректігі үшін араларыңызға қостым» деген еді.
Қ.Сабыржанұлы