Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараны «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Абдулхамидов Сайдмухаммад жұмылдырылды.
Осы ретте азаматтық қауымдастықтың мемлекеттік органдармен бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруы маңызды болып табылатыны жеткізілді.
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі болып табылатыны аңғартылды.
Шара барысында жастарға конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтау мемлекет пен қоғамның басты ұстанымы екендігі баяндалды.
Бұл ретте жастардың рухани және құқықтық сауатын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру және теріс ағымдарға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – зор маңызға ие екендігі айтылды.
Шара соңында қатысушыларға ақпараттық баспа өнімдері таратылды.