Еңбек нарығында арнайы тәсілдерді талап ететін бірнеше топты атап өтуге болады (жұмыссыз жастар және NEET санатындағы жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылар, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).
Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының қазақстандықтардың табысын арттыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы айтты.
Осыған байланысты мемлекеттік және жеке дерекқорларды интеграциялау және олардан алынған ақпаратты талдау арқылы әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға мұқтаж азаматтарды «Ерте анықтау жүйесін» енгізу жоспарлануда.
Жастарды жұмысқа тарту және ынталандыру үшін еңбек заңнамасына «жас қызметкер» ұғымын енгізу, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірлерден жұмысқа келген жастар үшін тұрғын үй жалдауға көтерме жәрдемақы енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады, – деді ол.
Көпбалалы отбасылар (76,8 мың) және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (7 мың) үшін барлық өңірлерде қолданыстағы үлгідегі әйелдерді қолдау орталықтарын құру жоспарлануда. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелге кешенді қолдау көрсетілетін болады.
Жоғарыда көрсетілген шаралар нақты қажеттіліктер бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтауға, жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.