Бүгінгі подкастта біз жастарымызды діни экстремизмнен қорғау және осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылаймыз. 🔍 Қазіргі таңда жастардың діни сауаттылығын арттырып, оларды қауіпті идеологиялардан сақтандыру — қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі. Біздің студиямыздың қонақтары өз салаларының білікті мамандары — ғалым Жалғас Сандыбаев және сарапшы Дінмұхаммад Тойғылы. Олар маңызды ойларымен бөлісіп, бұл күрделі мәселені жан-жақты қарастырады.