Жамбыл облысы прокуратурасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылдың 7 қараша күні Талас ауданы, Қаратау қаласы “Қаратау құрылыс техникалық колледжі” студенттері арасында “Діни радикализмнің алдын алу” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Берлібай Жүсіп, аудан прокуратурасының прокуроры Дидар Краубеков, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Махмуд Аябекұлы және республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теология ғылымдарының докторанты Азамат Нұғманұлы қатысты.
Семинардың басында және соңында «Діни сауаттылықты арттыру және діни радикализм қаупін ажырату» бойынша қатысушылардың білімдерін тексеруге арналған тест алынды.
Іс-шараның басында олардың 15% ғана сұрақтарға дұрыс жауап берсе, соңғы тестте бұл көрсеткіш 90%-ды құрады.
Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни көшбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді.
Шара барысында төмендегідей ақпарат берілді:
Елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және дін өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге үлгі етіп келеді. Сонымен қатар әр үш жыл сайын елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер съезі ұйымдастырылатын айта өтсек болады.
Егер дін қоғамда өзінің функциясын дұрыс атқарса, онда ол елде тыныштық, бейбітшілік орнайды. Алайда, қазіргі таңда елімізде түрлі теріс бағыттағы діни ағымдар баршылық. Бұлардың негізгі мақсаты халықтың ынтымағын бұзу.
Діни шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін, азаматтардың денсаулығына, психикалық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіретін, өздерінің діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға тән.
Жалпы алғанда жастардың санасы теріс ағымды ұстанушылардың насихатымен уланбауы тиіс десек, оларды бала күнінен қадағалағанымыз дұрыс. Бұл қоғамның басты міндетіне айналғаны жөн деп білемін.
Өйткені бүгінгідей ғаламтор дамыған заманда ата-ана, үлкендер жағы балалардың немен айналысып жүргенін назардан шығармай, бақылауда ұстағаны мақұл. Әлеуметтік желілер арқылы қорғаныс иммунитеті әлсіз адамдарға олар шабуыл жасауларын тоқтатпайды. Интернет беттерінен теріс діни ақпараттар алу арқылы бір отбасы мүшелері бір-біріне қарсы шығады.
Одан кейін қоғамда түрлі қарама-қайшылықтар пайда болып, жік-жікке бөлініп, еліміздің діни тұрақтылығына әсер етеді. Әрине, құзырлы органдар тарапынан көптеген күдікті сілтемелер бұғатталып жатыр. Алайда, соған қарамастан ата-аналар да өздерінің жауапкершіліктерін сезініп, балаларын бақылауда ұстаған дұрыс.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.