Жасалған құлшылықтар мен игіліктердің сауаптарын басқаға бағыштау жақсы іс. Адам оқыған Құранның, оқыған намазын және жасаған басқа да жақсылықтың сауабын басқа біреуге бағыштай алады. Өмірде болса да, қайтыс болған болса да сауап жіберілген адам міндетті түрде керегін алады.
Басқа біреудің бағыштаған сауабы мен бір адамның жеке басына міндетті құлшылықтардың қарызын өтей алмаса да олар жақсылық пен сауаптарының молаюына көмек беруі мүмкін. Ата-анасы о дүниелік болғаннан кейін оларға қандай-да бір жақсылық жасап не болмаса жасай алмайтының сұрағанда Хазірет Пайғамбарымыз (с.ғ.с); «Ия оларға дұға жасау, мейрім тілеу, олар үшін истиғфар сұрау, достарын құрметтеп, дастархан жаю, туысқандарымен тығыз байланыста болу керек» деген.
Анасының кенеттен қайтыс болып, ақтық сөзін айтып, өсиет айта алғанда садақа беруді үгіттер еді деп сұраған бір сахабаға: «Ия артынан берген садақаң оның атына қабыл болады» деген.
Осыған қарағанда өлген адамның атына жасалған кезкелген құлшылық қабыл болатына секілді әртүрлі себептермен дұға жасауға болады.
Жасалған құлшылықтар пен игі істердің сауаптарын бағыштау қабір басына барудың қажеті жоқ.
Дегенмен мүмкіндік болса ара тұра қабірді зиярат жасап, басына барып дұға жасаған абзал. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Жәннәтул Бақиға барып, дұға жасағыны бәріне аян.