Еліміздің барлық өңірінен келген «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының және «Жас ұлан» республикалық мектептерінің 80-ге жуық тәрбиеленушісі Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған жарыстарға қатысты.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери-патриоттық клубтар арасында Солтүстік Қазақстан облысының жасөспірімдері алдына жан салмады. Петропавлдан келген Евгений Мосиенко пневматикалық мылтықтан оқ атуда, шаңғы жарысы мен белтемірге тартылуда жаттығуды 34 рет орындап, жеңімпаз атанды.