Бүгін әуежайда қыздары шығарып салып тұрған әйелдің жанына отырып қалыппын. Бір-бірін қайта-қайта құшақтап, айналып, толғанып тұр.
Алабөтен ыстық қоштасуға куә болдым. Таң қалып қарадым. Менің оларды бағып отырғанымды қыздарының бірі байқап қалды да, былай деді:
«Бірде әкеміз осылай ұшақпен ұшып кетті. Сол ұшақ жарылып, әкемізден айырылып қалдық. Ет жақыныңа жылы сөздер айтып, оларға көңіл мен уақыт бөлудің қандай маңызды екенін осыдан соң түсіндік».
Айтарға сөз таппадым. Тесіліп қарағаныма ұялдым.