Мысырлық ғалым, доктор Мадих бір уағызында былай деді:
«Әркім өзіне: «Мен мына дүниеге не үшін келдім?» деген сұрақ қоюы керек. Жауабы: «Мен мына дүниеге Алланы танып, Оған құлшылық жасап, жәннатты сатып алу үшін келдім» деп айтуы қажет. Бірақ, жәннатты сатып алуға өмір бақи құлшылық жасасақ та, өміріміз жете ме? Әлбетте, жетпейді.
Нұх (ғ.с) сияқты мың жылдай өмір сүре алмаймыз. Алла Тағала Құранда: «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннаттан айырбастап алды…» («Тәубе» сүресі, 111), деді.
Сондықтан өміріміз қысқа болғандықтан, Жаратқан Иеміз бізге әр Рамазанда 83 жылға тең Қадір түнін берді.
Алла баршамызға разы болатын құлшылық жасауға жазсын!»
Дайындаған Қуат ҚАБДОЛДА