Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Петропавл қаласында «Жастар» стадионының базасында «Жаңа Қазақстанда терроризмге жол жоқ» атты өңірдің діни қызметкерлері мен діндар адамдарға арналған спорттық іс-шаралар кешені ашылды.
Іс-шара конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни қызметкерлер мен халықтың діндар бөлігі арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталды. Оған діни қызметкерлер, діни бірлестіктердің өкілдері, халықтың діндар бөлігі, жастар қатысты.
Командалар тізімі: «Қызылжар» облыстық орталық мешіті», «Дін Мұхаммед» қалалық мешіті, «Нұр» қалалық мешіті, «Қызылжар» қалалық мешіті, Бескөл ауылындағы «Кәусар» аудандық мешіті, Петропавл және Булаев Епархиясы.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органмен өзара іс-қимыл шеңберінде турнирге Қазақстандағы Евангел сеніміндегі христиандар одағының өкілдері – “Благодать” пресвитериан шіркеуі қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей таратылды: 1 орын – «Дін Мұхаммед» қалалық мешіті, 2 орын – «Қызылжар» облыстық орталық мешіті, 3 орын – «Нұр» қалалық мешіті.
Іс-шара соңында жеңімпаздарға, жүлдегерлерге, қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.