Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университетінің жаңа проректоры Ершат Ағыбайұлына құрмет көрсетті.
«Асыл дініміздің абыройын асқақтату жауапкершілігін терең сезініп, діни салада белсенді қызмет атқарғаныңыз үшін Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Сізге айрықша алғысымды білдіремін!
Жаңа қызметіңізге сәттілік тілей отырып, діни оқу ордасының жұмысын жаңа деңгейге көтеруге бар күш-қайратыңызды жұмсайсыз деп сенемін.
Алла Тағаладан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, өміріңізге береке тілеймін! Ел игілігі үшін жасап жүрген істеріңізге Жаратушы Иеміз әрқашан жар болып, мерейіңізді үстем етсін! Әмин!» деді Бас мүфти.
Сондай-ақ басшылық құрам, бөлім меңгерушілері де сөз кезегін алып, Ершат Ағыбайұлына алғыс айта келе, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа қызметке тағайындалған Ершат Ағыбайұлының иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.