Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, “Зекет және қайырымдылық” қорының қолдауымен Алматы қаласындағы мешіттерде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.
Науқан аясында Алматы қаласы бойынша 8 ауданға қарасты мешіттермен қосқанда 2000 мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына жаңа жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.
Соның қатарында Алатау ауданындағы “Бекет ата” мешітінде де “Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар” атты қайырымдылық акция өткізілді.
Ұйымдастырушы тарапынан ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов жақсылықта жарысып, сауапты амал жасауға ниеттенген барша демеуші жандарға алғысын жеткізді.