Жуырда көрші Ресейде орыс тілінің жаңа орфография ережелері қабылданбақ. Ағарту министрлігі “Орыс орфографиясының негізгі ережелері” атты құжатты федералды порталда жариялады. Оны 1 наурызда Ресей ғылым академиясы бекіткен болатын.
Жаңа еңбекте ё әрпіне көп көңіл бөлінген. Жалпы мәтіндерде оны адамдар қалағанынша жаза алатыны және е әрпімен ауыстыруға болатыны айтылған.
Сонымен қатар, құжатта жаңа ережелер бойынша Жаратушының “Бог”, “Господь”, “Творец”, “Создатель” сынды есімдері тек бас әріппен жазылуы керектігі ұсынылған.