Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ делегат Жамбыл ауылындағы ақын атындағы әдеби-мемориалды музей-үйінде болды.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы және қоғам қайраткерлері мен ақын, жазушылар бүгін Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кесенесіне барып құран бағыштап, құрбан шалды.
Одан әрі жиын жас ақын, жазушылармен кездесіп, «Жамбыл Әлемі» кітабының 30 томдығын таныстырумен жалғасты.
Жамбыл Жабаев қазақ-қырғызға ортақ ақын. Алатаудың арғы-бергі жағындағы екі ел биыл Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайды. Бірге жетістіктерге жете берейік. Бүгінгі жиынға үлкен жетістікке жетіп жүрген жас ақындарды да шақырдық, біз сіздерге үлкен үмітпен қараймыз, – деді Қырымбек Көшербаев.
Дереккөз: baq.kz