«Сендер іштарлықтан сақ болғайсыңдар. Расында оттың отынды жегені сияқты, көре алмаушылық та жақсылықтарды жеп тастайды» (Әбу Дәуд).
Осы тақырыпқа қатысты Омар ибн Хаттабтан жамағат ішінен біреуі сұрақ қояды:
– Уа, мұсылмандардың әмірі! Көре алмау қасиеті жайында не айтасыз?
Сонда Омар ибн Хаттаб (р.а.):
– Кімнің қолында нығмет болса, міндетті түрде, соны көре алмайтын адам болады. Тіпті, бір қарыс артық нәрсесі болса, соны шұқып көруші табылады. Зиян тигізетін иесіз сөз болмайды.
Түйін: Алла Тағала әрбір пендесіне мінез берді. Адам баласы сол мінезімен басқаларға танылып, ерекшеленеді. Бұл мінездің ішінде тек көре алмаушылық емес, бәлкім іштарлық, пасықтық, сараңдық сияқты т.б. көптеген жаман қасиеттер де бар. Жаратушы бізді осындай мінез жиынтығымен сынайды. Бойымызда бар жаман қасиеттерді тежеп, жақсылыққа тәрбиелеп, көркем мінезге жету адамның өз қолында. Алла Тағала мұны Сіздің ерік-жігеріңізге қалдырды. Жаман болу, жақсы болу да Сізге байланысты.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ.