Түркістан облысы – Орталық Азияның мұсылмандық аймақтарымен шектесетін өлке. Кезінде халық арасында Содик Самарқанди немесе Абдуллах Домла сынды шетелдік «шейхтардың» теріс насихатына еліктеушілік басым болғаны рас. Алайда соңғы жылдары еліміздің дінтанушы, теолог мамандарының жұмыстары нәтижесінде жат ағымға ерушілік бәсеңдеген. Қазір керісінше жамағат мүфтиятқа қарасты қазақ ұстаздардың уағыз-насихатын тыңдайтын болған.