Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастыруымен «Жалынды жастар ынтымағы» атты республикалық жастар форумы өтті.
Форум сапалы білім алып, өзін өзі қалыптастыруға ұмтылатын, рухани жетілген, ел болашағын ойлайтын жастар буынын қалыптастыруға бағытталған. Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.
Форум аясында жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарланған шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, форум барысында алдағы уақытта іс-шаралар (дәрістер, ашық алаңдар, мәдени және спорттық іс-шаралар) жүргізу ұсынылды.
Шара соңында Ш. Байманов Министрлік тарапынан жастар саясатын дамыту бойынша алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.