Батыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедек жандар тұратын Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арт-терапия ұйымдастырды.
Жас белсенділер психологтармен және суретшілермен бірлесе отырып, орталық тұрғындарына бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Шығармашылық процесс жалғыздықпен күресуге көмектесіп, стресс пен мазасыздықты азайтады дейді мамандар.
Арт-терапияға қатысушылар туған жерлерінің пейзаждарын, түрлі аңдар мен натюрморттар салды. Айта кетейік, ЖРО өкілдері арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жиі барады. Орталықта олар концерттер мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Дәл осындай өзара байланыс жас ұрпаққа жауапкершілік сезімін арттырып, жанашыр болуға тәрбиелейді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі