Сұрақ: Жалғыз басты анамын, 3 балам бар. Асыраушым жоқ. кішкентайым 8 айлық, мемлекет тарапынан қандай көмек ала аламын ба?
Жауап: Елімізде жалғызбасты аналарға және толық емес отбасы санатындағы отбасыларға мемлекет тарапынан тұрақты жеңілдік түрлері қарастырылған:
– жалғызбасты аналар халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшесі ретінде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегiне тұра алады;
– жалғызбасты аналар бала тууына байланысты тағайындалатын бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы ала алады;
– табыс көлеміне байланысты атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыра алады;
– жалғызбасты аналар балабақша кезегін ертерек алуына болады;
-жалғызбасты аналардың баласына білім ордасынан да көмек қарастырылған;
– өз кәсібін ашқысы келетін әйелдерге кәсіпкерлігін қолдайтын әртүрлі бағдарламалар арқылы (әйелдерге шағын несие беру) гранттар алуына болады.
Аталған жеңілдіктерді алу үшін жергілікті әкімдікке қарасты Тұрғын үй басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгіне аласыз.
Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты облыс, қала аумағындағы мешіттерде мұқтаж азаматтарға зекет қорлары және демеушілер арқылы тұрақты көмек көрсетіліп тұрады.
Икрам АЙТАЕВ