Сұрақ: «Жалғыз қалмау үшін» біреуден бала туып алса бола ма?
Жауап: Ислам құқығы адамның арын қасиет санайды. Қыз баланың ары тапталмас үшін неке құрады. Ал ақ неке – отбасын құрудың негізі.
Неке ер мен әйелдің отбасын құру мақсатында өмір бойы бірге өмір сүруін қамтамасыз ететін рухани байланыс һәм Құдай алдындағы уәде. Сол үшін некесіз екі жастың қосылуына ислам діні қатаң тыйым салған.
Ислам нормасына сәйкес некесіз қосылу – зина. Ал зина тек Құранда емес, жалпы көктен түскен монотеистік діндерде де тыйым салынған үлкен күнәлардың қатарына жатады. Құдай Тағала «Исра» сүресінің 32-аятында: «Зинаға жасамаңдар. Себебі, ол анық арсыздық және жаман жол» деп хабар берген.
Жалғас САНДЫБАЕВ