Әлеуметтік желілерде Өзбекстанның Сарамқанд облысы Ақдария ауданындағы “Жалаңтөс батыр” мешіті ғимаратының мүшкіл жағдайда тұрғаны туралы хабарламалар көптеп таралғаннан кейін оны қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Өзбекстанның Мәдени мұра агенттігі хабарлады.
Олардың мәліметінше, бүгінде қаңырап тұрған мешіт ғимараты мәдени мұра нысаны ретінде танылған және тиісті ұлттық тізімге алынған. Мешіт ХІХ-ХХ ғасырларда салыныпты. Өткен ғасырдың 20-жылдары мкшіт жабылып, оны қоймаға айналдырған. Кейін ғимарат өртеніп, 30-жылдардан бастап қаңырап қалған.
Самарқанд мәдени мұра басқармасы Мәдени мұра агенттігіне мешітті қалпына келтіру жобасын жасап ұсынды. Жұмыстар 2023 жылы басталмақ. Қалпына келтірілген құлшылық үйі бұдан әрі туристер келіп тамашалайтын көрнекті орындардың біріне айналмақ.
Айта кетейік, Жалаңтөс батыр – өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі. ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді.