Қызылорда облысы “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ-сі мен “Сұңқар” әлеуметтік қамқорлық орталығы” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар жобасы аясында Ғылыми-стратегиялық зерттеу орталығының директоры, Түркияның Сыткы Кочман университетінің доктаранты, Дін саласындағы Республикалық АТТ мүшесі Ахан Жарас Иебергенұлының қатысуымен “Дін мен дәстүр” тақырыбында онлайн семинар-тренинг өткізілді.
Семинарға аудандық АТТ мүшелері, жалпы білім беру мекемелерінің дінтану пәні бойынша оқытушылары, жастар орталығы қызметкерлері қатысып, сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алынды.