Экстремизм және терроризм – қатерлі ісік дерті іспеттес, егер дер кезінде алдын алу шаралары жүргізілмесе, уақыт өте келе тамырын тереңге жіберуі мүмкін. Сондықтан, қарапайым халықтың діни сауатты болуы өте маңызды. Ал, діни сауаттылық – бұл оқыту, ағарту және діни әдебиеттер арқылы алынады.