– Бұл не істегенің? Қазір мұсылмандар ауыз бекітіп, ораза тұтып жатқан қасиетті ай ғой, – деп ұлын тамақ ішуден тиып, үйіне кіргізіп жібереді.
Көп ұзамай әлгі мәжуси жан тәсілім етеді. Көрші мұсылмандар түсінде оның жұмақта жүргенін көреді. Олар отқа табынған мәжусидің жұмақта жүргенін көріп аң-таң болып, одан мұның мәнісін сұрайды.
Сонда мәжуси:
– Бірде кіші ұлымның Рамазан айында мұсылмандардың көзінше тамақтанып отырғанын көріп, «Бұл ісің мұсылмандарға жасаған құрметсіздік болады» деп оны көшеде ішіп-жеуден тиған едім. Осыған байланысты, мұсылмандар қасиетті санаған Рамазан айына құрмет көрсеткенім үшін Жаббар Хақ менің жанымды мұсылман етіп алды. Ақтық демім шығардан бұрын маған біреу келіп: «Әшһаду әнла иллаһа иллалаһ уа әшһаду әнла Мұхаммеддун уа расулуллаһ» деп айтқыздырды. Сосын жанымды алды. Осы себептен де, жұмақпен қауыштым, – деп сырын паш етеді.
Мұхан ИСАХАН