Сұрақ: Жұма намазының оқылуының шарттары қандай?
Жауап: Ислам ғұламалары мен Фиқһ мамандары жұма намазының парыз болуы немесе бір адамның осы намазға қатысуы үшін қажетті шарттардың болуы керек екендігіне бірауыздан үкім берген. Осыған сәйкес, Жұма намазының басқа намаздарға қарағанда өзіне тән он екі шарты бар.
- азат болу (тұтқында немесе түрмеде болмауы);
- тұрғылықты болу (сапарда жүргендерге парыз емес);
- дені сау болу (намазға бара алмайтындай ауру болмау);
- соқыр болмау;
- аяқтарын нық баса алатындай жүре алу;
- намазға баруға кедергі келтіретін және бармауына рұқсат беретін дәлелді себептің жоқ болуы (жаудан қорқу, қатты жаңбыр, балшық сияқтылар).
- жұма намазын оқитын елді мекен болуы;
- намазды соған уәкілетті адамның немесе оның өкілінің оқытуы;
- бесін намазының уақытында оқылуы;
- жамағаттың қатысуымен хұтбаның оқылуы;
- имамнан басқа кемінде үш адам болуы;
- Жұма намазы оқылатын орынның бәріне ашық болуы.
Осы 12 шарттың алғашқы алтауы – жұма намазының кімдерге парыз болуының шарттары, ал қалған алтысы да – жұма намазының оқылуына қажетті шарттары болып келеді.
Егер жоғарыда аталған шарттардың бірі орын алған жағдайда, кісінің мойнынан жұманың парызы түседі және де жұма намазының оқытылуы да дұрыс болмайды.
Балғабек Мырзаев
дінтанушы, Ph.D докторы
Жақсы түсіндіріп бердіңіз, көп рахмет сіздерге