Жұманың қасиеттері турлаы көптеген риуаяттар бар. Мына бірнешеуіне тоқтала кетейін:
1.Жұма мұсылмандарға мейрам күні.
Абу Хурайра (Алла оған разы болсын) айтады: Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Күн көтерілген күндердің ішіндегі құттысы— жұма күні. Ол күні Адам алейһис-салам жаратылды, сол күні жәннатқа кіргізіліп, сол күні жаннаттан шығарылды». (Муслим риуаят еткен)
2.Жұма күнгі тілек қабыл болатын бір сәт бар.
Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтты: «Жұма күні сондай бір сағат бар, мұсылман болған пенде Жаратушысынан не сұраса да, Алла Тағала оған береді»
3.Жұма күні ғұсыл құйыну, Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айту, «Ясин», «Кәһф» сүрелерін оқу, т.б ғибадаттардың сауабы айырықша. Мәселен; Абу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім толық дәретін алып, жұма намазына барса, және тыныш отырып, жұма хұтбасын тыңдаса оның екі жұманың аралығындағы және қосымша үш күннің ішінде істеген күнәлары кешіріледі. Ал кім (хұтба кезінде) таспен ойнаса, ол бос іспен айналысқан болады». делінсе, тағы бір хадисте: «Жұма күні – күндеріңнің ең хайырлысы. Маған сол күні көп салауат айтыңдар, себебі салауттарың маған жеткізіліп тұрады».
4.Ақырзаман жұма күні болады.
Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтты: “Күн көтерілген күндердің хайырлысы – жұма күні: осы күні Адам жаратылған, осы күні ол жаннатқа кіргізілген, осы күні ол жаннаттан шығарылған, осы күні ақырзаман болады”
5.Жұма күні қайтыс болған адам қабыр азабын көрмейді. Абдулла бин Амрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с); «Жұма күні немесе жұма түні қайтыс болған мұсылманды Аллаһ Тағала қабір сынағынан сақтайды» делінеді.