ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры әр аптада бір сауапты іс-шара атқаруды дәстүрге айналдырып келеді. Осы аптада зекет өкілдері дәрігерлер қауымына қуаныш сыйлап, қызметтеріне табыс тіледі.
Бірер жыл бұрын әлемге індет жайылып, барлық жер карантинге жабылғанда «Зекет және қайырымдылық» қоры ауыр халде жатқан науқастар мен олардың өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлерді қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» акциясын ұйымдастырған болатын. Осы акция аясында республика бойынша 1000-ға жуық ақ халатты абзал жанға азық-түлік себеті таратылды.
«Адамзаттың амандығына себепкер, науқастарға қамқор болып келе жатқан медицина саласының мамандары қандай мəртебе, марапатқа болсын əбден лайық. Соған сəйкес құрмет көрсету – əрбіріміздің азаматтық борышымыз» дейді игі акцияны ұйымдастырушылар.