ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысындағы жауапты өкілі Оңталап Тасболатұлы Ұлытау облысына қарасты аудандарда болып, шаруа қожалық иелері, кәсіпкерлермен кездесті.
Кәсіпкерлермен кездесу барысында Оңталап Тасболатұлы бес парыздың бірі – зекет жайлы насихат жұмыстарын жүргізіп, тың ақпараттармен бөлісті. Өз кезегінде кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптарын алды.
Айта кетейік, іс-шара ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиевтың тапсырмасымен ұйымдастырылды.