Зәмзәм – жер бетіндегі ең қасиетті су. Оның пайда болғанына шамамен 5 мың жыл болған. Заманауи зерттеулер нәтижесі зәмзәмнің ең таза су екендігін анықтаған. Ол су болғанымен оның аш адамды тойдыратын, науқасқа шипа болатын қасиеті тағы бар. Бұл жөнінде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жер бетіндегі ең қасиетті су – зәмзәм суы. Ол әрі ас, әрі шипа[1]»,-деген. Бұған қоса, зәмзәм әлемдегі ең киелі жер Меккенің қойнауынан шыққан бұлақ.
Сахаба Жабир (р.а.): «Зәмзәм ішкен ниетке байланысты[2]»,-деген хадис риуаят еткен. Сондықтан, зәмзәмді дүниелік тілектер айтып және ақыреттік дұғаларды оқып ішкен дұрыс.
Имам Шафиғи (р.а.): «Зәмзәмді үш тілек айтып іштім. Бірінші мерген болу ниетімен. Бүгінде, менің атқан он жебемнің оны да нысанаға дөп тиеді. Әйтпесе, оннан тоғызы тиеді. Екінші, ілім сұрап іштім. Ілімдегі орным өздеріңе мәлім. Үшінші, жәннат сұрадым. Ол тілегім де қабыл болады деп үміт етемін»,-деген екен.
Ал, Ибн Аббас (р.а.) зәмзәм ішкенде: «Уа, Алла! Сенен пайдалы ілім, мол ризық-несібе және барлық дерттен шипа сұраймын[3]»,-деп дұға етеді екен.
KazIslam.kz